Тек табиғат – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Тек табиғат» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Қарлығаштай талып ұшқан қауырсыным майысып,
Менмен бірге жылады тал қабырғасы қайысып.
Көл бетінде дірілдеді ай, дірілдеді жұлдыз да,
Таулар ғана тұрды мүлгіп, қалғандай түс шайысып.

Көңілімнің иірімін шым еткізіп шер тұнды.
Қалқалай ма қайың біткен тізіліп ап көркіңді.
Кешкі шапақ секілденіп екі бетім албырап,
Қайталадым оңашада саған берген сертімді.

Бірде алдан ұшқалақ жел бірде соқты бүйірден,
Ширатылды шыт көйлегім ұршықтай боп иірген.
Естіп тұрған жоқсың бірақ несін айтам тоңдым деп,
Еш сезбессің арласып жоқ болсам да құйынмен,
Тек табиғат тоғысады менің көңіл күйіммен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тек табиғат өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Тек табиғат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тек табиғат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тек табиғат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері