Ауылға асықтым

Бұл бетте «Ауылға асықтым» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 543
Тентек ұлдай тұратын жиі ысқырып,
Желге сәлем аитсам ба қыйыстырып.
Туған мекен қайыңның жапырағына,
Тұрғым келді бетімді түйістіріп.

Түйістіріп тұрсам мен беттерімді,
Жеткізсем сағынумен өткенімді.
Жазғыратын шығар-ау жапырақтар,
Көптен бері оралмай аеткенімді.

Жапырақта шық тұрса көзімде де,
Ерік берсем жырға да сезімге де.
Ұшқалақ жел ауылға жайды келіп,
Дейме қайың келмедің өзің неге?!

Өмір сендей пәк емес қайың ,қайың,
Ессіе желдер қай бірін уайымдайын.
Сағыныштан риясыз туындаған,
Ақ балтырлы жырымды дайындайын.

Кейде тірлік кетеді тұсап бәрін,
Жоқ нәрсеге келмейді ұсақтағым.
Деген шақта қайыңның бұтақтары,
Маған қарай жаяр ма құшақтарын?
Ауылға асықтым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылға асықтым өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ауылға асықтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылға асықтым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылға асықтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері