Бәрі де бола аламын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бәрі де бола аламын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1386
Дария болам,
Көктемде тасып кетер,
Толқын болам,
Жағадан асып кетер,
Кейде нөсер.
Кейде ақ жауын бола аламын,
Бірақ, қайта арнама ораламын.
(Р. ҚУНАҚОВА. Аққулы жаз. 38-бет)
Қыран болам,
Қанаты талмайтұғын,
Бір ән болам
Мейірің қанбайтұғын.
Керек десең,
Шарапты шайқап ішем,
Бірақ, достар,
Сабама қайта түсем.
Батыр болам
Тіресер пендесі жоқ,
Ақын болам
Әлемде теңдесі жоқ.
Қиял күшті –
Бәрі де бола аламын.
Бірақ, қайта
Арнама ораламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі де бола аламын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бәрі де бола аламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі де бола аламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі де бола аламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері