Қатын сені күтпейді

Бұл бетте «Қатын сені күтпейді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1846
Қатын сені күтпейді,
Ауыр міндет жүктейді.
Еркек болсаң ерекше,
Тілегімді ұқ дейді.
Артық ақша тап дейді,
Мені шындап бақ дейді.
Керек емес басқасы,
Сондай еркек шақ дейді.
Болса және жас қатын,
Өтпеу керек «босқа түн».
Керек емес ол үшін
Сенің арман-мақсатың.
Жарар болса анаға,
Қатын керек балаға.
Бірақ, бірақ, сол бала
Сені күтіп, баға ма?
Ер қадірін бағалар
Кешер мені аналар.
Соның үшін қатынсыз
Өткен небір даналар.
Солай еткен өткендер –
Көздері нақ жеткендер.
Сөзім үшін сөлекет
Мені қатты сөкпеңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатын сені күтпейді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қатын сені күтпейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатын сені күтпейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатын сені күтпейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері