Қарияларға бата – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарияларға бата» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1939
Түндерің тыныш болсын,
үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
дастарқандарың мол болсын!
Қатарларың көп болсын,
уайым-қайғы жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
зұлымдардың жаласын көрмеңдер!
Еліңде бірлік болсын,
жарасты тірлік болсын!
Әумин!
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарияларға бата өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қарияларға бата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарияларға бата өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарияларға бата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері