Шырылдама бекерге, шыбын жаным

Бұл бетте «Шырылдама бекерге, шыбын жаным» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1019
Шырылдама бекерге, шыбын жаным,
Керегі жоқ кеудеме тығылғаның.
Сүлдерімді сүйреттің сүріндіріп,
Алып жүрген арқалап жүгің мәлім.
Түк шықпады үніңнен адағанда,
Мықтылар кеп зорлық қып сабағанда.
Мүкәмалсыз біз жүрміз арып-ашып,
Кетер ме екен бұйырмай балағанда?
Түгеседі тауқымет тағатымды,
Бірді соқты Мәскеуің жаңа түнгі.
Ежелгі әдет: ойланбай қолымдағы,
Түзеп қойдым ескілеу сағатымды.
Көрпе жауып түтіннен қала тынды,
Ұша алмадым көтеріп қанатымды.
... Соқты ма екен шатаспай мерзімінде,
Қоңырауын Мәскеуің жаңа түнгі?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырылдама бекерге, шыбын жаным өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Шырылдама бекерге, шыбын жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырылдама бекерге, шыбын жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырылдама бекерге, шыбын жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері