Жалпы жиын

Бұл бетте «Жалпы жиын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1000
Қандай тәртіп орнатпа,
Оған егер арсыз адам қол қатса,
Асырып ол айласын,
Қарастырар тек өзінің пайдасын.
* * *
Қасқыр жауыз Арыстаннан өтінді,
Тағайында басшысы етіп Қойдың деп.
Түлкі келіп сөзге құлақ қойғын деп,
Қасекеңді біраз мақтап лепірді.
Арыстан да кетпесін деп ел гулеп,
Тез келсін деп барлық аңға бұйырды,
Өткізбек боп жиынды.
Сұрамақ ол анадан да мынадан,
Қандай пікір айтады деп кім оған.
Айтқандай-ақ барлық аңдар қосылды,
Әрқайсысы өздерінше жосылды,
Болмады ешкім Қасқырды әсте сынаған.
Қойға басшы бола қалды ол енді.
Ал, Қойлар ше? Қасқыр жайлы не деді?
Сол жиынға келген Қойлар көп еді,
Бірақ, ешкім Қой сөйлесін демеді,
Сол еді ғой Қасқырға да керегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалпы жиын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалпы жиын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалпы жиын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалпы жиын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері