Өрік гүлдегенде – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Өрік гүлдегенде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1963
Әннен гөрі сезімнің жыры қымбат,
Сақтап қалған жүректің сыры қымбат.
Бізде өрік гүлдеді, биыл тағы,
Дәнінен де, өріктің гүлі қымбат.

Қанатымыз – темір ғой, біздің ауыр.
Ұшқанменен жеткізбес соққан дауыл.
Өрік көрсем гүлдеген, түседі еске.
Гүлден шашу шашатын, сіздің ауыл.

Қалып қойған балалық, өрікті сай.
Көктем келген кездегі, көріктісі-ай.
Сол ауылдың, келетін көктем сайын,
Аман ба екен, уәдеге берік құсы-ай!

Тым көңілді тәңертең, кеште мұңлы,
Алады екен білмеймін, еске кімді.
Тербеледі бақшамда деп тұрғандай:
«Өрік теріп, ұмытпа, өскен ұлды».

Кете жаздап үзіліп мен де кеше,
Майысқанмын сол гүлдей, әлденеше.
Бәлкім біздер мәңгіге гүлдер ме едік,
Мені өсек, оны жел тербемесе…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрік гүлдегенде өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Өрік гүлдегенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрік гүлдегенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрік гүлдегенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері