Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жағалау

Бұл бетте «Жағалау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Теңізге құлшындым,
Түссем деп ұмсындым.
Жағаға жүгірген
Толқыннан қымсындым.

Аңсаған әнім деп,
Жүрегім жалын деп.
Бір жүзіп қайтайын,
Атты ғой таңым деп.

Ішімде бір ағын,
Сыртымда бір ағын.
Теңізге құладым,
Қап қойды тұрағым.

Су сорды тәнімді,
Ақ сағым түстенген.
Ұшты ғой иманым,
Балтырым тістелген.

Керек ед бағалау
Әліңді шамалау.
Көзіме көрінші,
Қайдасың жағалау?!

Ап кетер алысқа,
Айтқанмен желге сыр.
Таң қалмас жасыңа,
Тамшылар көл-көсір…

Теңіздің аяғы,
Құрлықтың бастауы.
Жағалау, жағалау,
Шаттықтың шашбауы.

Теңізде сан құрбан,
Кемесін қалдырған.
Өзіңе жетсем деп,
Жанарын талдырған.

Өмірдің ләззәті,
Өзіңсіз шамалы ау.
Жыласып көрістім:
Жағалау жағалау!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағалау өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жағалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері