Қаракемер – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қаракемер» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 487
Биікке мойнын созып есі кеткен,
Аспанның көкірегін тесіп өткен,
Емес ол.
Жатағандау қазан тауды,
Біздің жұрт әлмисақтан бесік еткен.

Мұжылған өркештері желге берік,
Беретін жасыл шалғын белге көрік.
Дәу ұста шебер қолмен жасағандай,
Қазан тау жатыр әне дөңгеленіп.

Барған жан келбетіне баға берер,
Керегін табиғаттан ала берер.
Қазанның кемерінде шағын қыстақ,
Ежелден аталатын Қаракемер.

Жақсы ғой қоныс тепкен жерге биік,
Тұратын мен мұндалап кербез иық.
Қазантауды киіз үй деп қарасаң,
Сандықтай бұл жер қойған төрге жиып.

Тау өзен еңіске құлай аққан,
Жапырағын теректің сылай аққан.
Су тапшы Қаракемер қыстағында,
Өзеннен сүт пысырым жерде жатқан.

Қарсы алып ызғырығын жел өтінің,
Мұндағы ел бұған дағы көнетұғын.
Өзеннің қалың мұзын ойып алып,
Шанаға тиеп алып келетұғын.

Қайламен мұз оюдан ерінбейтін,
Кездескен қиындыққа берілмейтін.
Мұз тасыған кісімен аттың үсті,
Қатып қалған қыраудан көрінбейтін.

Суық лепті өзіңмен ілестіріп,
Әрбалаға бір мұздан үлестіріп.
Зорға жетер құлашың қалың мұзды,
Ауыз үйге жиғызад сірестіріп.


Ауыл ішін береке аралайды,
Басқа жерді мұндағы ел қаламайды.
Шағын үйді жылтуға отағасы,
Күн-түн қатып тасиды қарағайды.

Аспан анау жұлдызын жымыңдатқан,
Зират анау қыстақтан қырын жатқан.
Біздер едік шөлдесек мұзды ойып ап,
Тоңғанда қарағайды жығып жаққан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракемер өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қаракемер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракемер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракемер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері