Мұңаймауға тырыс дейсің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мұңаймауға тырыс дейсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Мұңаймауға тырыс дейсің,
Көзімде жас күліп қайтем?
Саған барар жолдар жабық,
Хал – жайыңды біліп қайтем?

Кеудең сырға толғанменен,
Есігіңде құлып қайтем?
Іште ақ боран ұлып тұрса,
Сауық-сайран құрып қайтем?

Кемерінен кеме көшкен,
Жағалауда тұрып қайтем?
Көңілді бір көншітпеген,
Мына өмірді сүріп қайтем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңаймауға тырыс дейсің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мұңаймауға тырыс дейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңаймауға тырыс дейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңаймауға тырыс дейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері