Іш пен сырт

Бұл бетте «Іш пен сырт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1084
Кеңістікте
Төрт нүкте мен үш сызық,
Үш сызықпен
Қос төртеуін тік сызып...
Құмарланып,
Арлы­берлі сызғылап
Әуре болып
Таба алмайсың түк қызық!
Ақыл, білім
Болғандықтан дұп­дұрыс,
Іштен іздеп
Жұмсайсың кеп күш­құрыш...
Қосылады
Тік бұрышты төрт нүкте
Төбелерін
Қоршай тартсаң үшбұрыш!
Қалай ойлау
Болғанымен ырқыңда,
Тік төртбұрыш
Ішінде әлі тұрсың ба?
Не табасың
Қабырғадан шектеулі,
Шешу – шындық
Кеңістіктің сыртында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іш пен сырт өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Іш пен сырт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іш пен сырт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іш пен сырт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері