Қыдыр керуені

Бұл бетте «Қыдыр керуені» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Әз жүреді: Қызырдың керуені,
Шеру өтсе тоңыңның ерігені.
Дөй даланы жасантар,
Көксегенім –
Қыдыр баба көшін бір көру еді.
Әттең бірақ, көрмеген жалғанда адам,
Мінеді екен түйеге маң-маң бабам.
«Қой бейіштен шығыпты – сол аңдайды,
Текті қойшы біледі мал қамдаған».
Бұл жай ғана сөзі ғой кәрілердің,
Рас сынды, нана алмай әбігермін.
Елестейді кейде анық, кәдімгідей,
Көз алдымнан өтеді бәрі менің.
Бірі – қашыр жетелеп, бірі – есегін,
Тіке кесіп барады күре шөлін.
Екі ұштылау тұрам да сәл ойланып,
Мен де көштің соңынан ілесемін.
Қиянаттан боламын ғұмырда ада,
Табанымда сусиды құм ырғала.
Керуені Қызырдың қызық та жат,
Бірге әкетіп барады Қыдыр баба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыдыр керуені өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыдыр керуені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыдыр керуені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыдыр керуені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері