Түн жарымда жазылған жыр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн жарымда жазылған жыр» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1006
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Құбылады дүние, құбылады.
Шырай беріп Шығысқа шыққан Күнім
Неге беттеп барады құбыланы?
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Суынады тіршілік, жылынады.
Теріскейден жел соқса тентексұрлау,
Терегің де теңкиіп жығылады.
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Қу құлқынға неге адам құнығады?
Құрық салмас тағдырмен тайталасып
Құла дүзде дауысым құмығады.
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Қашан көңілім тыншиды, тынығады?
Күмəн жұтып қойғандай үмітімді,
Тұман жұтып қойғандай шұғыланы.
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Айы қайда аспанның, Күні кəні?
Кімге ұнайды –
Құдайдың құтты үні
Көкке қарап көңілдің ұлығаны?!
Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Қайда əлемдік ағынның ұлы мəні?
Сезім қашан қалғиды сезіктенбей,
Көзім қашан ұйқыға жұмылады?
Бұл өмірдің кыр-сырын кім ұғады?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн жарымда жазылған жыр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түн жарымда жазылған жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн жарымда жазылған жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Түн жарымда жазылған жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері