Ата-анама – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ата-анама» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сендер келген пәниге мен де келдім,
Таусылмайтын жолы бұл пенделердің.
Сендер кеткен бақиға менде кетіп,
Азаланып бір күні жерленермін.
Ал әзірге бір түйір талшығың боп,
Шексіз ғалам бетінде сенделемін.
Шыңнан құлап кейбірде шыңырауға,
Қыл ұшында ілініп тербелемін.
Уын да ішіп, тірліктің балын жедім,
Суып барам қалайша, жалынды едім.
Бұл-бұл ұшты көзімнен о, дүние-ай,
Қозы қуып, гүл терген сағым белім.
Жылатып та, жұбатар жалғыз өлең,
Жалғыз өлең қайғым да, бағым менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата-анама өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ата-анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата-анама өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата-анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері