Бұл бетте «Көңілің үстем патшадай» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кей адамның көңілі
Таудан бұлақ аққандай.
Кей адамның көңілі
Шыңыраудан қауғамен
Бір ұрттам су тартқандай.
Кей адамның көңілі —
Жазғы жайма күн шуақ,
Кей адамның көңілі —
Қарала бір көлеңке,
Күдігі көп мың сұрақ.
Кей адамның көңілі —
Шалқар теңіз шалқыған.
Кей адамның көңілі —
Құрбақалы тұйық су,
Шалшығыңда малтыған.
Кей адамның көңілін,
Қонған бастан мырза етіп,
Кей адамның көңілін
Торлап алған сарандық
Ақырына жүр жетіп.
Көңіл — дария арналы,
Өз ағысын байлама,
Толқындары таласып,
Болмысыңмен жарасып,
Бірдей ақсын қайда да!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі