Адамға артық байлық — әурешілік
Бұл бетте «Адамға артық байлық — әурешілік» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адамға артық байлық — әурешілік,
Қызығын көре алмассың дәурен сүріп.
Тіршіліктің қызығы сағынышта,
Сағынышты ғұмырдың сәулесі — үміт.
Адамға артық байлық — астамшылық,
Ақылың адасады бастан шығып.
Жылылыкты іздесен, жерден ізде,
Жакын тұрган күнге анау аспан суық.
Көңілдердің қомағай толмас көбі,
Өлшенсе өмір байлықпен оңбас тегі.
Екі жүрек адамға бере қалса,
«Іштен шыққан жау жаман» болмас па еді?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі