Оңашаны олжалап – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Оңашаны олжалап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 914
Оңашаны олжалап,
Шеттеу жүрiп шертем мұң.
Тағдырын кiм болжамақ? –
Сүйдiм,
Күйдiм,
Өртендiм...
Өртендiм де басылдым,
Жек көр, мейлiң, жек көрме.
Тарыдайын шашылдым
Тауық пенен кептерге...
Арбалдым да алдандым,
Алдандым да айныдым.
Елi бар ма Арманның?
Емi бар ма Қайғының?
Қаңсып қалды кең арнам,
Көктен тамбай емге бұлт.
Бола алмадым мен арлан,
Бола алмадың сен де елiк.
Неғылайын бал ашып
Бар мен жоқты теңгерiп?
Ақыл қалды адасып,
Сезiм қалды сенделiп.
Махаббаттың орнына
Машақатым бiтпедi.
Өмiрiмнiң соңына
Алла қояр нүктенi.
Сумаңдаған жел күнi
Судырайды қамысым.
Əңгiмемiз ендiгi
Əрi жалған, əрi шын.
Дүниенiң кеңдiгi –
Жаһандағы мəңгiлiк.
Дүниенiң кемдiгi –
Жапандағы жаңғырық.
Жазылмайды «кеселiм»,
Ғашықсыз əн – далбаса əн!
«Махаббат жоқ!» десе кiм,
Абай сөзiн алға сал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңашаны олжалап өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Оңашаны олжалап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңашаны олжалап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңашаны олжалап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері