Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны,
Кездеспей кеттiк бiздер, кiм кiнəлi?
Көгерiп еккен шыбық,
Көктем шығып,
Қылтиып келе жатыр қыр құлағы.
Қосылып жер мен көктiң əнi бiрге,
Айналды тiршiлiктiң дəнi гүлге.
Көп сырға куə болған ауыл кешi
Кетпей жүр көз алдымнан əлi күнге.
Көктем де сенсiз мынау күзге лайық.
Қыз едiң жалғыз өзiң жүзге лайық.
Жат көзiне беймезгiл iлiктiң бе,
Жүргенде жар болар деп бiзге лайық?..
Күтумен өтсiн мейлi қалған жасым,
Ақ жүрек жалғыз сен деп армандасын.
Жайымнан хабар алмай қайда жүрсiң,
Жазерке жарығым-ау, жаннан да асыл?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері