Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1906
Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін,
Тіл ұшыменен тіршілік дәмін бергенін.
Өліп те талып өмір сыйлаған сол әйел,
Көрдің бе сосын өсек-ғайбатқа ергенін?
Әйелдің, бар ғой, көрдің бе тылсым қылығын,
Жан сарайыңды хан са
райындай тазартса,
Хақ емес пе еді ханнан да биік тұруың?!
Сүттен ақ, оның судан да таза кезінде,
Қасиетін күзет, кірпікті қақпа, көз ілме!
Батырларыңның құдай боп кетер сәті сол,
Батырларыңның жағасын жыртар езің де!
Ынтықтығынан сылқ етіп «өлген» сәтінде,
Өмір мен өлім өліарасы сол нәтінде
«Тірілте көрші, тірілте көрші» дер ме едің,
«Бәтірекесі, бәтірекесі, бәтірге».
Тамырынан лыпып, қан тамған сәтін көрдің бе,
Сұрамай сенен ант алған сәтін көрдің бе?
Өз қабырғаңнан жаратқан әйел әуелде
Қамырын таппай қаңтарған сәтін көрдің бе?!
Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жараланғанын,
Көрдің бе сонда әлгінің бәрі жалғанын?
Ілбішінге ұқсап жазылмайтұғын жарасын
Көрдің бе қалай көрсетпей жалап алғанын?
Алданған сәтін, аһ ұрған сәтін көрдің бе,
Қайғырған сәтін, қапылған сәтін көрдің бе?
Тастағы қына, шөптегі шықтай дірілдеп,
Артынан оның ақылман сәтін көрдің бе?
Көзінде жасы, сөзімен қарғыс айтпай-ақ,
Дүниеде сенен аяулы жалғыз жоқтай-ақ,
Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін
Тіл ұшыменен тіршілік дәмін бергенін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелдің, бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері