Бұл бетте «Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн,
Шипаң жоғың біліп тұрып, көп күттім
Маңайына жарық берген май шамдай,
Өзімді өзім жеп біттім.
Күн болам деп көкке қолым созбаймын,
Өзіме ыстық өз бақытым, өз қайғым.
Шарасында шүпілдедім көздердің,
Тамып кете жаздаймын.
Тама жаздап қайта өтемін өңештен,
Көзге түспес көлеңкеден емес пе ем?!
Ақыл-естен ажырамау үшін тек,
Ел жасаймын елестен.
Беймезгілде бас көтеріп бүршік-ән,
Мен де өзімше ерік бермей қырсығам.
Түн...
Түс көрем...
Тұншығам...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі