Күнәмді менің отырған жандай бек біліп –
Сағыныш Намазшамова
Бұл бетте «Күнәмді менің отырған жандай бек біліп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнәмді менің отырған жандай бек біліп,
«Қорлама» депсіз жазықсыз жапа шектіріп.
Қорғасын сөзді қауырсын жүрек көтермей,
Ішімде дауыл алай да дүлей кетті ұлып.
Сізді емес, осы сөз мені қорлап тұрды нақ,
Қызғаныш салған лаңнан жаным тұр жылап.
Биікке бірге қол созған қайран күндерім
Көз алдымда тап барады енді құлдырап.
Жанның барына жүр едім сеніп
мені ұққан,
Жүгіре шықтым желдеуіт жаққа сол ықтан.
Бейтаныс көше.
Көтере бердім қолымды,
«Тарт, -деймін – алға»
таксиге бірден жолыққан.
Қалай болса да бағытымды алға белгілеп,
Айтарымды айтам алғашқы және соңғы рет.
Көтеріп қайтем, қуаныштан, иә, қайғыдан
Атылсын жатқан жүрегімдегі зеңбірек.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі