Қиял бәйтерегі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қиял бәйтерегі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Аспан жақтан алғызған,
Жер қойнына салғызған,
Жүре келе көктеді
Жүрегімде жалғыз дəн.
Дарағым сол дəріптер,
Көңілің соқса, барып көр.
Қабағыңмен жылу бер,
Жанарыңмен жарық бер.
Найқалсын да тербелсін,
Етек-жеңін жел керсін.
Тамырлары жетіліп,
Жеті қабат жерге енсін.
Көкке бойы шаншылсын,
Атырабы аршылсын.
...Аяғыңның астында
Жапырағы жаншылсын.
Кеңге салып іргесін
Көктем сайын бүрлесін.
Ұшарына құзғындар
Ұя салып жүрмесін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиял бәйтерегі өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қиял бәйтерегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиял бәйтерегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиял бәйтерегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері