Дəм жазса – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дəм жазса» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Дəм жазса,
Көрерміз-ау бəрін-бəрін:
Жаһанның жақсылыққа малынғанын.
Тағдыры алмағайып тіршіліктің
Тарының қауызындай тарылғанын.
Дəм жазса,
Көрерміз-ау бəрін-бəрін:
Аспанның ала бұлттан арылғанын.
Аймаққа «Алтынкүрек» ағысы кеп,
Ақпанның қаусатқанын қалың қарын.
Дəм жазса,
Көрерміз-ау бəрін-бəрін:
Жорғаның жүрісінен жаңылғанын.
Адасып ақылынан «ақылманның»,
Тасырдың таққа мініп қағынғанын!
Дəм жазса,
Көрерміз-ау бəрін-бəрін:
Жүректің қуаныштан жарылғанын.
Көзден жас,
Көкіректен қан сорғалап,
Қайғыдан қайысқанын қабырғаның.
Дəм жазса,
Көрерміз-ау бəрін-бəрін:
Бақиға ғазиз жанның дамылдарын...
Бабаның ақыреттік аманатын
Баланың қасиеттеп қабылдарын.
Дəм жазса..,
Көрерміз-ау, бəрін, бəрін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дəм жазса өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дəм жазса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дəм жазса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дəм жазса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері