Бүгiн бақтар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бүгiн бақтар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 938
Бүгiн бақтар
Кешегi күнiн жоқтар.
Мынау тылсым үəм гүлсiм дүниеде
Бiздер естiп-бiлмеген мың ырғақ бар.
Ерiнiңе күлкi емес, мұң үйiрiп,
Серiгiңе сен де, еркем, сырыңды ақтар.
Сырыңды ақтар,
Арайлым, əппағым-ау,
Сар жапырақ саулаған шақта мынау.
Гүлi көркем маңайда мизам маңып,
Бүгiн-ертең қонады баққа қырау.
Баққа қырау қонады,
Түзге моншақ.
Бал күндердi жүрермiз iздеп, аңсап…
Қоңыр күздiң, қарғам-ау, кiнəсi не,
Жас пен шыққа кiрпiктi бiз де малсақ?
Кiрпiгiңдi, жаным-ау жас шылаған
Тағы да бiр талаурап қақшы маған.
Арзуына ақынның кiм «əу» десiн
Тақ сұрамай, Тəңiрден бақ сұраған?
Арзуына ақынның «əу» де, гүлiм,
Өтсiн, кетсiн басымнан əурелi күн!
Көкке алақан жаяйық,
Жапырақ пен
Ұстай алмай саулаған сəуленi мың…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгiн бақтар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бүгiн бақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгiн бақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгiн бақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері