Шыдаған қанша сан мұңға

Бұл бетте «Шыдаған қанша сан мұңға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 647
Шыдаған қанша сан мұңға,
томсарып үнсiз түйiлген,
глобус тұр алдымда
монтиған киiз үйiмдей.
Салмақты тұрар елемей
құрылған өлшем, дәлдiкпен,
ондағы уық, кереге –
бойлықтар менен ендiктер.
Көз жасқа қанша жуынып,
өткен ол қанша жөндеуден.
Алыпты шарт та буынып
экватор-белдеумен.
Иесiз оны қаңыратпа,
салмаңдар онда бүлiктi.
Төңкерiп апты шаңырақтай
Солтүстiк Мұзды мұхитты.
Күн туып кенет дауылды
кетер деп түтеп бұрқанып –
планетам сабырлы
томсарар үнсiз қымтанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыдаған қанша сан мұңға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шыдаған қанша сан мұңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыдаған қанша сан мұңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыдаған қанша сан мұңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері