Залым

Бұл бетте «Залым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Мына бір жігіттің —
Қулығына ғана емес,
Залымдығына да! —
Құрық бойламайды.
Сол құрыққа
Сырық жалғасаң
Ол да бойламайды.
Жасаған қиянатын —
Ешуақта! —
Қиянат деп ойламайды.
Қырық қулығы,
Алпыс айласы,
Сексен сұмдығы бар.
Аспан асты,
Жер үстінде
Жұрт білмейтін
Құпия аралдары мен
Құпия құрлығы бар...
Жақындасаң! —
Зып етіп ішіңе кіріп
Істіктерімен
Жаныңды піседі.
Сөйтіп
Қаныңды ішеді.
Әп-сәтте
Тамырларыңның суалып
Тартылып кепкенін
Білмей қаласың.
Сонан соң
Тастап кеткен шоғынан
Иесіз
Үйдей жанасың!
Оп-оңай
Жаныңды бүлдіріп
Апыр-топыр етеді.
Бетіңе күліп тұрып
Көзіңді шұқып
Соқыр етеді.
Енді бір кездессең —
Білдірмей-ақ
Етіңді сылып
Теріңді тірідей сыпырады
(Сол кезде ол —
Масаттанып! —
Желді күнгі
Құйындай құтырады).
Мойныңды ырғайдай
Битіңді торғайдай етіп
Өзіңді мүлде
Мініп жүретін
Түйе қып алады.
…Ақырында сенің —
Саудыраған! —
Сүйегің ғана қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Залым өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Залым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Залым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Залым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері