Контраст – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Контраст» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 672
Құлап жатты жапырақ дымы басым,
Сезінбейді күннің ақ шұғыласын.
Таралғыдай қысқа өмір берген оған,
Аңдай алмас шығысын, құбыласын.
Текеметтей төселген табанымда –
Жапырақтар.
Көмілген нала-мұңға.
Келемін мен алшаңдап, күй ойнайды,
Консерваторияның алаңында.
Сыпырып жүр топ бикеш тораптарды,
Жапыраққа толтырған қораптарды.
Сыбыртқысы – қайыңдай, өзі нәзік,
Бір жәутең көз қысыла қарап қалды.
Көңілімнің асқынған тау шақтары,
Бейнесімен жүректі қаусатқаны.
Дір-дір етіп қызарып кеткен екен,
Клавишті басатын саусақтары.
Отты жанар өткені өңменімнен,
Кездейсоқтан кездестім селге білем.
Ішке кірдім сезімнің жетегінде,
Көкірегім тазарды көң көмілген.
Кеудемдегі басқаша құбылды ызың,
Қарашықпен байқатты құнын қызың.
... Отыр едім, көтеріп келе жатты,
Таудай бикеш қасықтай сыбызғысын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Контраст өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Контраст өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Контраст өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Контраст өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері