Мәмбетовтер – Ізтай Мәмбетов

Бұл бетте «Мәмбетовтер» атты Ізтай Мәмбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.01.2021
  • 0
  • 1
  • 2434
Талайлардың фамилиясы — Мәмбетов,
Жүр өмірде жайраң қағып, әндетіп.
Біреулері көк орманды көбейтіп,
Келе жатыр кең даланы сәнді етіп.
Біреулері баптап тары, күрішті,
Біреулері қайнатады құрышты.
Енді бірі қала орнатып, үй салып,
Жанарынан жақсылық боп нұр ұшты.
Бір Мәмбетов жаудыраған жас әлі,
Аяғын да апыл-тапыл басады.
Бірақ ертең қосу үшін үлесін
Мәмбетовтер шежіресін ашады.
Бір Мәмбетов көзіндей боп көненің,
Аймалайды арман еткен өренін.
Бір Мәмбетов сахнада саңқылдап,
Бір Мәмбетов жазып жатыр өлеңін.
Біз әйтеуір қалыспаймыз басқадан,
Жалғасады кәрі қадам, жас қадам.
Бір Мәмбетов асуы хақ асудан,
Бір Мәмбетов болса егер де аспаған…
Мәмбетовтер ырза қылып өр елін,
Еселейді еңбегі мен өнерін…
Мың Мәмбетов мәртебесін мадақтап,
Бір Мәмбетов жаза берер өлеңін.


Пікірлер (1)

аяжан

оңайй олен беріңш

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәмбетовтер өлеңінің авторы кім?

Ізтай Мәмбетов — осы өлеңнің авторы.

Мәмбетовтер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәмбетовтер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ізтай Мәмбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәмбетовтер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері