Сенi көргiм келедi де тұрады – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенi көргiм келедi де тұрады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1427
Көзмоншақтай көлдiң көркем құрағы,
Махаббаттың мың бiр мақам құрамы,
Тағдырымның таусылмайтын сұрағы –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Сезiмiмнiң шырын-шəрбет бұлағы,
Қиялымның қияңдағы жұмағы,
Жүрегiмнiң, тiлегiмнiң сыңары –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Есiмдi алған есiл жалған тұмары,
Үмiтiмнiң өшiп-жанған шырағы,
Көңiлiмнiң басылмайтын құмары –
Сенi көргiм келедi де тұрады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенi көргiм келедi де тұрады өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенi көргiм келедi де тұрады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенi көргiм келедi де тұрады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенi көргiм келедi де тұрады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері