Солдат бақыты – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Солдат бақыты» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 523
(1814)

Жараланбай келесің, деп,
Жұбатпашы құр мені!
Тағдырға ерік бересің де,
Тартасың да ілгері.
Таусылмас бір шеру көптен,—
Бәріне де үйренгем.
Лагерьде де ерулеткен
Арылмапсың күйбеңнен.
Әр тоғышар бір тілдейді,
Үй табу да азaп бір,
Ақсүйектер зіркілдейді,
Көретінің мазақ құр.
Тұрғаныңмен сызылып-ақ,
Қожаң сыра бермесе,
Қас-қабағың бұзылып-ақ,
Тілдемей көр, ендеше.
Естіліп бір атыс таңда,
Зеңбіректер күркіреп,
Тұяқтардан от ұшқанда
Орындалып бір тілек;
Жорық болып тек есіңде,
Жайнап салар жандайсың.
Жеңілесің, жеңесің бе —
Награда алмайсың.
Құдай оңдап, аяғыңа
Бір оқ келіп тиді ме,
Алыс қалған баяғыда
Ұмытасың үйді де,
Бұл күй неткен бөлек еді,
Бар азаптан жан ада.
Сені арқалай жөнеледі,
Жаулап алған қалаға.
Өтті де бір жорық бастап
Оңашарақ ғалдың ба,
Қатын біткен. қорықпастан
Қылмаң қағар алдыңда.
Айқара ашық — бәрі дайын,
Құшақ — ыстық, ерін — гүл,
Ұмытылып бар уайым,
Құс төсекте керіл бір!
Бәйбішенің бейнесінен
Біліп қойдық араңды,
Баласының жейдесімен
Таңып жатыр жараңды!
Көріп соның көп қылығын,
Кірді бойға әл демде.
Көрші әйел де жетті бүгін
Құрбысына жәрдемге.
Көңіліне қарасын ба,
Құлақтанды қалған ел.
Абысындар арасында
Жатты емделіп ардагер.
Жақсы лебіз қалай ғана,
Жата қойсын, тегінде,
Жетті хабар сарайға да
Батыр солдат жөнінде;
Жоғарының жарлығын ап,
Омырауына тақты орден.
Әйел біткен қалды жылап,
Орын берген қақ төрден...
Біздің солдат ертесіне,
Айығып та, толып та,
Айналып ел еркесіне
Кетті аттанып жорыққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат бақыты өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Солдат бақыты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат бақыты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат бақыты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері