Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың
Бұл бетте «Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың…
Мұңлы, жарлы жанарыма мұз жақтым.
Мұз ерiдi,
Жасқа айналды жазықсыз.
Дедiң сонда: «Неткен нəумез, нəзiксiз?..»
Жазығым не?
Нəзiкпiн мен, нəзiкпiн,
Нəркес көзден келсе қайтем наз ұққым?
Кел, еркеле,
Тек өртеме өнбойды,
Дерттi жүрек дегбiрсiзге көнбейдi.
Аяла, сүй,
Аймала, күй,
Жан, өртен!
Жалғыз емiм сол ғой менiң, жан еркем…
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі