Көншидi көңiл қалай елесiңе – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көншидi көңiл қалай елесiңе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Көншидi көңiл қалай елесiңе,
Түсетiн болып жүрсiң көп есiме.
Сенi iздеп жиһан кезiп кетсем бе екен
Тəн берiп тəуекелдiң кемесiне?
Не қайыр сағынғаннан, сарғайғаннан? –
Қасымнан, қайда жүрсем, қалмайды арман.
Көйлегiн көкжиектiң көтергiштеп,
Сар сағым аңсар аулап арбайды алдан.
Өзiңе назым бар да, өкпем жоқ-ты,
Қалайша қайрылмасқа өткен кеттi?..
Бедерлеп көкала үйрек көлдiң бетiн,
Көзайым тағы да бiр көктем жеттi.
Көп өтпей көктем соңы жазға айналар,
Көңiлге көрген қызық аздай болар.
Көмiлген көкiрекке көмбедейiн
Көкжалын кеудемдегi қозға айналар.
Елемей ен жайлаған түздiң өңiн,
Елесiң келген жаққа үздiгемiн.
Iшiмнен бiр күрсiнiп аламын да,
Бiр мұңды көз-көлiмде жүздiремiн.
Жүректiң жүдеңкiлеу таппай бабын,
Қарлығаш қанатына хат байладым.
Күйдiрiп табаныңды ақ шағылға
Жүрмiсiң, аман-есен, ақ тайлағым?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көншидi көңiл қалай елесiңе өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көншидi көңiл қалай елесiңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көншидi көңiл қалай елесiңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көншидi көңiл қалай елесiңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері