Асар

Бұл бетте «Асар» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2019
  • 0
  • 0
  • 4459
Ағасы үй жұмысын
Қауымдасып жасарда,
«Қолы жеңіл» інісін
Шақырады асарға.

Бұлар асар дегенді
Асығу деп ұғады.
Бірі сүртіп еденді,
Бірі ыдыс жуады.

Өздеріне белгілі
Мұндай шұғыл асарды
Кейде аға,
Кейде іні
Кезектесіп жасайды.

Білетін өз бағасын
Батыл іні сасар ма,
«Алтын басты» ағасын
Шақырады асарға.

Анық аға екені,
Қайыра ма меселін?
Асарлатып екеуі
Шығарады есебін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асар өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Асар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері