Алматыдан аумайсың – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Алматыдан аумайсың» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1897
Алматымысың?
Әлде сенбісің?
Бұ қайсың?
Әйтеуір маған екеуің бірдей ұнайсың.
Ақ жауын болып басылмай кейде жылайсың,
Ақ жалын болып, күйдіріп кейде сынайсың.

Кей күні жақын,
Келесі күні шалғайсың,
Кей күні ащы,
Келесі күні балдайсың.
Сөйтсе де саған демеймін өзің қандайсың,
Алматы сенен,
Сен Алматыдан аумайсың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері