Сағабүйен – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сағабүйен» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1362
Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.
Елти берем толассыз гүріліңе,
Селт етпедім даланың іңіріне.
Ізің басқан өзіңнің қалт-құлт етіп,
Шапағатың тие ме бір ініңе?
Құрбанысың сол өткен қанды күннің,
Сені ұстатып көркейіп, мандыды кім?
Сағабүйен – Ақсудың бір тармағы,
Мен – өзіңнің мысқалдай қалдығыңмын.
Бүйен суы тасиды жағаны ұрып,
Өзегім – өрт, қу ішім барады ұлып.
Қаратпас-ау, бұл өмір алды-артыма,
Бермей кеткен кезінде саған ырық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері