Опық

Бұл бетте «Опық» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 775
Тау, даласы махаббатқа нағыз бай,
Сағынышы тірі адамға құяр бақ.
Хикаясы бір бітпейтін аңыздай,
Мен жатамын сол қыстақты қиялдап.
Сенің балдай үмітіңді жұмбақтар,
Күміс шашқан нәзік күлкің назды тым.
Қара торғын мақпалымен құндақтар,
Шіркін, қандай сұлу еді жазғы түн!
Шексіз тұнық іңкәрліктен бақ тауып,
Талқандаушы ек жазмыштың үкімін.
Барлық сырды көзбен ғана ақтарып,
Сөйлетуші ек жүректердің лүпілін.
Үзілді де шаттығымның соңғы әні,
Құлай бердім...
Тұрдың қарап көз алмай.
Амал қанша осалдығым сондағы,
“Сүйем” дегем үнсіздікке төзе алмай.
Жан сырыңды көзбен айту биік-ақ,
Ей, махаббат,
Мені жылдам өлтірші.
Сол бір сөзді жанарына құйып ап,
Кеткен алып тым асығыс жел тыңшы.
Пенде бар ма бұл күнәдан тазарған?
Көңілімнен кетер емес бір үрей.
Мен осылай жеңілгенмін ажалдан,
Өзімді өзім ұстап беріп тірідей!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Опық өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Опық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Опық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Опық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері