Өлең, жыр, ақындар

Көбелек көзіндегі жыр

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 884
Сонау балғын ғұмырымның үнін сүт,
Жапырақтың жүрегіне тоқимын.
Бәрі-бәрін...
Әжем, ертек, ірімшік...
Уақыттың жанарынан оқимын.
Жаз, көбелек...
Гүлдерде әсем түр-түрлі,
Жайлау үсті тым думанды күйге еніп.
Ұшушы еді сенің сәби күлкіңді,
Қанатына қондырып ап инелік.
Қонақ едік ара жиған шырынға,
(Сезеді онда тіршіліктің сыйын кім?!)
Мен әуес ем қарағайға шығуға,
Сен құмар ең қылығына тиіннің.
Төр жайлауым – ата жұртым ең текті,
Әңгімелер әдемі ғой ондағы.
Сен қайталап әжең айтқан ертекті,
Мен мақтаушы ем атам мінген жорғаны.
Бұзау қарап бетке шығып күнде кеш,
Балалардан кетуші едік айырым.
Екеумізде қызыл-жасыл гүлді емес,
Ұнатушы ек қарағайдың шайырын.
Талғамымды талқыға сап бөлек бір,
Бала сезім...
Санамда жүр сол өлең.
Іңгәлайды кеудемде әлі бөбек мұң,
Көбелектің жанарына бөлеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге

  • 0
  • 0

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге,
Осыншама азап сыйлап нетесің?
Жүрегімнің бар екенін кеудемде,
Еске салып кетесің.

Толық

Көктөбет

  • 0
  • 0

Көк төбетім күзетіп қора маңын,
Үйшігіңе түн бойы жоламадың...
Мен де қаңғып түн бойы,
Таңға жақын

Толық

Жарық нұр қадалып көзіңнен

  • 0
  • 0

Жарық нұр қадалып көзіңнен,
Деуге әлім келмеді сүймеспін.
Өлеңмен ауырған кезімнен
Ауырлау...

Толық