Ленин шапағаты

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1589
Еркіндік атты арманға
Адамның қолы жетпеген,
Салауат айтып мал-жанға,
Тілдескен аспан-көкпенен.
Мыңдаған ғасыр көк қалғып
Олардың тілін ұқпаған.
Адамды адам кіріптар ғып
Бір-бірін езіп иықтаған.
Биіктеу тұрсам деуменен
Берілді қаннан мол құрбан,
Бір-бірін теуіп кеудеден,
Бір-бірін адам қор қылған.
Ленин жерде туды да,
Көзімен шолып көне елді,
Азаттық үшін бір мына
Күресті бастап жөнелді.
Не деген ғажап сол дәуір!
Үстіне елдің күн қонып,
Азаттық тиді қолға бір
Ал қызыл жалау ту болып.
Жыл сайын соны көтеріп
Биікке, сонау күн жаққа,
Жықпасқа туды серт беріп
Тұрамыз ылғи біз сапқа.
Масайрап менің ұлы елім,
Алғысқа толы алаң жақ.
Адамзат үшін Ленин,
Ленин үшін адамзат.
Ризалық айтып жатқандай
Болады ылғи маған бір.
Адамды адам даттамай,
Алақанға ұстар заман бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин шапағаты өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ленин шапағаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ленин шапағаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин шапағаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері