Төрлеңдер, жолдастар! – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Төрлеңдер, жолдастар!» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1431
Ал, кәне, құрмет жұмсап қал,
Қазақы қала, ауылдар,
Кең ашар бізде құшақ бар,
Құшаққа толар бауыр бар!
Келуің қандай сәтті еді,
Ағасы орыс елдің — сен!
Қымыздай көңілің тәтті еді,
Самалдай рахат едің сен!
Өрлеші төрге, алға шық,
Жазылмай құшақ, жабыссын!
Байтақ пен байтақ жалғасып,
Жазық пен жазық
жарыссын.
Ән — дария, жаңбыр — жыр,
Құн — шежіре, таң - бұлбұл
Саған деген қазақтың
Сағынған адал жаны бұл,
Соғылған алақаны бұл!
Достық атты бесікті
Тербетіңдер, жолдастар,
Айқара аштық есікті,
Төрлетіңдер, жолдастар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері