Қаңтарда піскен таңқурай – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Қаңтарда піскен таңқурай» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2246
Аңсарым ауды,
Ақылымды алды,
Қаңтарда піскен таңқурай.
Арпалыстырған ақынын мәңгі,
Таныстың тарпаң тағдырдай.
Керегі бар ма көктемнің кейде,
Сұлулық үшін пәк тәнді.
Шоқтана қалған мөп-мөлдір бейнең,
Ерітіп жатты ақ қарды.
Тамсана бердім,
Таңқурай әнім,
Тамсана бердім...
Таусылдым...
Құйылмас көктен жаңбырды аядым,
Уысында кеткен маусымның.
Сағынып...
Күйіп...
Іздедім...
Жеттім...
Жыладым соңғы назды айтып.
Тамылжып тұрды...
Үзбедім...
Кеттім...
Оралар ма екен жаз қайтып?!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері