Балалық шақпен жолығу

Бұл бетте «Балалық шақпен жолығу» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2328
Түсімде түнде балалық шақпен жолықтым,
Жорытқым келді, жоруға өзім қорықтым.
...Баяғы біздің құм шетіндегі қыстауға
Қаршадай бала қорықпай жалғыз келіппін.
Қыстауда жан жоқ.
Қалыпты қыстау қаңырап,
Қыстаудың көңін басыпты саңырауқұлақ.
Қыстаудың шымын қарлығаш шұрық тесік қып,
Салыпты ұя, ұшып жүр содан жамырап.
Іргесін үйдің індікеш қаптап кетіпті,
Терезесіне өрмекші торын тоқыпты.
Қышпенен өрген мұржаның тозаң, ысынан
Танауым менің таныды таныс тотықты.
Шаңыраққа салған Тосынның қызыл жидесі
Морт сына жаздап, мертігіп біткен шүйдесі.
Ойлаймын іштей: «Жиденің бар ма киесі,
Әйтпесе мынау қыстаудың бар ма иесі?..»
Жиденің анау шытынап біткен жерінен,
Суалған малға шарана төлдей теліген
Уызға құмар уылжып үш-төрт көк тамыр
«Табиғат заңы – тіршілік» дейді демімен.
Зым-зия інге ысқырып жылан зу етті,
Шым ұя, міне...Балапан бір топ шу етті.
Түсім ғой менің, сәбилік жүрек зу етті,
Ересек денем орнында ұстап жүректі...
Оянып кеттім.
Оянып кетсем, түс бәрі,
Жоруға келмес көріністер көбі ұшқары.
«Түсіңде қорықсаң, қуанасың» деп жатушы ед,
Жориын енді.
Өңімде болғай ұшпағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық шақпен жолығу өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Балалық шақпен жолығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық шақпен жолығу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық шақпен жолығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері