Сарыарқа – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Сарыарқа» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2018
  • 0
  • 1
  • 7397
Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!
Басқа алтынға қызықпаймын,
Сен менің шексіз алтын байтағымсың.
Көріндің маған ыстық өзің бірден,
Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.
Мезгілге рақмет жер танытып,
Өзімді еркін, ерке сезіндірген.
Жан дала! Дәстүрің бар ел сақтаған,
Інжу мен маржаныңды көрсет маған!
Елімнің өнер қонған бесігіне
Өлеңмен тізілдіріп моншақтағам!
Жүректе жататын ең атың ұнап,
Көрудің бүгін түсті сәті бірақ.
Кеңдігің бақыт дейміз,
Көшпелі елің
тар болсаң, тұрар ма еді татуырақ ...
Қайтейін, қозғамайын өткеніңді,
Шештім ғой бүгін түйе шекпенімді.
Тоқтатып жолдастарды тұрдым біраз,
Иіскеп жол бойы ескен шөптеріңді.
Жақсыңды іздестіріп, сұрастырғам,
Талантқа біздің дәуір гүл аштырған,
Замандар заңғарынан ән дарыған
Өлке бұл Әсет туған, Күләш туған.
Ақтоғай, жер екенсің ақ түсі көп.
Ақша бұлт аспаныңда бақ құсы боп —
Сызылған ракетаның белдеу ізін —
Қалқиды қанатымен жапқысы кеп.
Жоқ менде оңаша арман, оңаша мұң,
Жер — ошақ, аман болсын сол ошағым.
Кең далам, ойлантады кешегің мен
Бүгінің, әсіресе болашағың.
Батады, мұңың болса, ботаңа тым,
Ботаңмын ардақтаған Отан атын.
Бабамның жаны болған, әні болған,
Сарыарқа, мақтанышым, махаббатым!
Сарыарқам, жазық арқам, жарқын арқам,
Әлемде бөлек сенің даңқың, арқам.
Байтағым, байғазым деп көргеніме,
Өлеңім — тағып кеткен алтын алқам!


Пікірлер (1)

Нұрәлі

«Сарыарқа» — Күләш Ахметованың туған жеріне деген шынайы махаббат пен мақтаныш сезімін ашатын өлеңі. Автор Сарыарқа даласын алтын байтақ, кең даламыздың жүрегі ретінде суреттеп, оқырманға туған жердің сұлулығы мен рухани мәнін түсіндіреді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқа өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері