Менің жұпар иісімде жалбыз бар – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Менің жұпар иісімде жалбыз бар» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Менің жұпар иісімде жалбыз бар.
Жылытады ол тоңдырғанда жанды ызғар.
Көп нөпірдің келе жатсам ішінде
Мені танып қояды ылғи жалғыздар.

Менің жұпар иісімде жалбыз жүр.
Сырын таппай бақталасып сан қыз жүр…
Әлдекімді іздері хақ жан күзгі
Әлдекімін таппаған соң жалғыз жүр…

Сол жалбыздың өзісің ғой, жұпарым,
Үзілетін шағы жетті жұқаның…
Ең соңғы дем сен боп шығар кеудемнен
Сынған кезде саялаған бұтағым.

Менің жұпар болмысымда сен жүрсің.
Алғаш сені көргенімдей мөлдірсің…
Сенсіз өмір мүмкін болса, о, Тәңірім,
Осы күзден қалмай мені сендірсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің жұпар иісімде жалбыз бар өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Менің жұпар иісімде жалбыз бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің жұпар иісімде жалбыз бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің жұпар иісімде жалбыз бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері