Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2194
Сен жайыма қалдыр мені, көкпар мұң,
Көлеңкесі болайыншы көк талдың...
...Сен күнге емес, бұрын қалай білмегем,
Күн өзіңе ұқсайды ма деп қалдым.
Адам жанын ой құрайды екен ғой.
Бұйрық келсе, Ай құлайды екен ғой.
Сен Айға емес, бүгін соны байқадым,
Ай өзіңнен айнымайды екен ғой.
Аппақ болу үлесі ме тек қардың?
Гүл ернінде ұмытылып, шет қалдым...
Сен ақ қарға ұқсамайсың... керісінше...
Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аппақ әлем саған тартқан деп қалдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері