Шалқыған қараңғыда айдай аян – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шалқыған қараңғыда айдай аян» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 924
Шалқыған қараңғыда айдай аян,
Мен Қозы – Көрпешпін де, өлең – Баян.
Қодардай қызғаншақта қанжар бар деп,
Мен қалай махаббатта серттен таям?!
Баяным, мен мерт болсам, сен өлмеші,
Жамылып қара шәлі көлеңдеші.
Үміттің жетім қалса балапаны,
Бүркіттің баласындай кемелденші.
Ақында өлім егіз, өмір жалқы,
Егізі қалса сыңар, білер халқы.
Сапардың сонарында сорғалаған
Қаламның қанды ізі боп жатар арты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалқыған қараңғыда айдай аян өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шалқыған қараңғыда айдай аян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалқыған қараңғыда айдай аян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалқыған қараңғыда айдай аян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері