Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап» атты Танакөз Толқынқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1686
Бір жерлерде, бір сөнбейтін бардай Күн
Елегзимін... Кім бар мені алдайтын?
Сен қайтер ең халге жетсем бір күні
Сенсіз мүлде өмір сүре алмайтын?
Мен қорқамын өртенуден... жанудан...
Шатасудан... Мүлде есімнен танудан...
Сен қорқасың көп өлеңнің біріне
Қысқартылған әріп болып қалудан.
Бізге неге бұлдай берді көркін бақ?
Жатыр бізді ертең жұтар жол тыңдап.
Мен жылаймын...
Менен кейін сені іздеп
Мың жылдан соң
Өлең жылар солқылдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері