Сіз жай ғана әлеміме еніңіз – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сіз жай ғана әлеміме еніңіз» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2633
Сіз жай ғана әлеміме еніңіз,
Дәл мендей боп тарылады деміңіз.
Қайраңдағы қайран балық тұншығып,
– Өлдім! – десе, шын айтады ол, сеніңіз.
Бірінші боп хабарлашы көктемді.
Құтқарып қал ой түбіне шөккенді.
Бірінші боп «Қайырлы таң!» – дей салшы,
Керегі жоқ көп нүкте де, көп белгі.
Қарда өскен бәйшешекті қолда шын,
Ерте оянған, еркелік-ау, тоңбашы.
Бақыт деген таудай шығар деп жүрсем,
Бақыт деген нәрсе екен ғой болмашы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері