Үнсіз отырмашы! – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Үнсіз отырмашы!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5469
Үнсіз отырмашы!
Сұп-суық болып тұр күн неге? Деші
Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Қалай сүйетініңді айт!
Көңілді отырып та
Егилип...
Өртеніп...
Күйетініңді айт!
Айта алмасаң,
«Тәңірім-ау! Енді не істейін?» – деп сұрауыңа болады.
Айта алмасаң, оның орнына жылауыңа болады...
Махаббат туралы тек шық сөйлесін!
Махаббат туралы өксік сөйлесін...
Махаббат туралы өкпе сөйлесін.
Сөйлесін...тіпті текке сөйлесін...
Махаббат туралы көктем сөйлесін!
Жай сөйлемесін ол!
Өктем сөйлесін!
Махаббат туралы жүрегің тұрмақ сүйегің сөйлесін!
Махаббат туралы кемсеңдеген иегің сөйлесін!
Адайы домбыраның шегі үзіліп?
Тиегі сөйлесін.
Махаббат туралы бізді күтіп күреңіткен алаңқай сөйлесін!
Махаббат туралы жан айқай сөйлесін!
Үнсіз отырмашы!
Одан да жылай сал...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіз отырмашы! өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Үнсіз отырмашы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіз отырмашы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіз отырмашы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері