Түк емес қой! – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түк емес қой!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1655
Түк емес қой! Қорқатын осы ма мұң?..
Сен сөйлесең, неге осы тосыламын?
Үлбіреген сезімім дір-дір етіп,
Қатарына гүлдердің қосыламын...
Қопарылып аунайды бөлек сезім,
Бүршік болып ашады терек көзін.
Шығып кете жаздаса жүрек қағып,
Шықпай қалар аузымнан керек сөзім.
Балауыздай еримін..
Бітіп барам...
Ақын сөзін аңдиды күтіп ғалам.
Сені мендей аспанға ұшырды ма,
Бұла сезім кеудені қытықтаған?
Өмір мейлі жіберсін көнтері ғып,
Мөлдіреймін аспандай көмкеріліп.
Көздерімнен танырсың кездескенде,
Тура қарай алмаған төңкеріліп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түк емес қой! өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Түк емес қой! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түк емес қой! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түк емес қой! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар